iPhone құрылғысындағы Find My қолданбасында құрылғыны жоғалған ретінде белгілеу
Find My қолданбасын
басқалар жеке ақпаратыңызға қатынай алмауы үшін жоғалған iPhone, iPad, iPod touch, Apple Watch құрылғыларыңызды немесе Mac компьютеріңізді жоғалған ретінде белгілеу үшін пайдаланыңыз. Құрылғыны жоғалған ретінде белгілеу үшін ол жоғалмастан бұрын Find My [device] параметрін қосуыңыз керек.

Құрылғы жоғалған ретінде белгіленген кезде не болады?
Растау электрондық пошта хабары Apple ID электрондық пошта мекенжайыңызға жіберіледі.
Өзгертпелі хабарды экранда көрсетуіңізге болады. Мысалы, құрылғының жоғалғанын немесе сізге хабарласу жолын көрсеткіңіз келуі мүмкін.
Хабарлар немесе хабарландырулар алған кезіңізде немесе барлық дабылдар өшірілсе, құрылғы ескертулерді көрсетпейді немесе шу шығармайды. Құрылғыңыз әлі де телефон қоңыраулары мен FaceTime қоңырауларын қабылдай алады.
Apple Pay құрылғыңыз үшін ажыратылған. Apple Pay үшін орнатылған барлық несие немесе дебет карталары, студенттік ID карталары және Express Transit карталары құрылғыңыздан жойылады. Несие, дебет және студенттік ID карталары құрылғыңыз офлайн болса да жойылады. Express Transit карталары құрылғы келесіде онлайн күйге өткенде жойылады. Apple Pay қызметімен пайдаланатын карталарыңызды басқару атты Apple Support мақаласын қараңыз.
iPhone, iPad, iPod touch немесе Apple Watch құрылғысы үшін құрылғыңыздың ағымдағы орнын, сонымен қатар оның орнына жасалған барлық өзгертулерді картада көресіз.
Құрылғыны жоғалған ретінде белгілеу
Құрылғыңыз жоғалса немесе ұрланса, Lost Mode параметрін iPhone, iPad, iPod touch немесе Apple Watch үшін қосуыңызға немесе Mac компьютеріңізді құлыптауыңызға болады.
Devices тізімінде жоғалған құрылғыны түртіңіз.
Mark As Lost астында Activate түймесін түртіңіз.
Келесілерді есте сақтай отырып экрандағы нұсқауларды орындаңыз:
Құпия коды: iPhone, iPad, iPod touch немесе Apple Watch құрылғыңызда құпия код болмаса, сізден біреуін жасау сұралады. Mac компьютері үшін сандық құпия кодты Mac компьютерінде құпия сөз орнатып қойған болсаңыз да жасауыңыз керек. Бұл құпия код құпия сөзіңізден басқаша және тек құрылғыңыз жоғалған ретінде белгіленген кезде пайдаланылады.
Контакт ақпараты: Телефон нөмір енгізуіңіз сұралса, сізге хабарласуға болатын нөмірді енгізіңіз. Хабар енгізуіңіз сұралса, құрылғының жоғалғанын немесе сізге хабарласу жолын көрсеткіңіз келуі мүмкін. Нөмір мен хабар құрылғының Lock экранында пайда болады.
Activate түймесін (iPhone, iPad, iPod touch немесе Apple Watch құрылғысы үшін) немесе Lock түймесін (Mac компьютері үшін) түртіңіз.
Құрылғы жоғалған ретінде белгіленген кезде, Mark As Lost бөлімінде Activated түймесін көресіз. Құрылғыны жоғалған ретінде белгілеген кезіңізде ол Wi-Fi желісіне немесе ұялы желіге қосылмаған болса, құрылғы қайтадан онлайн күйге өткенше Pending сөзін көресіз.
Жоғалған құрылғы үшін контакт ақпаратын немесе электрондық пошта хабарландыруларын өзгерту
iPhone, iPad, iPod touch немесе Apple Watch құрылғыңызды жоғалған ретінде белгілегеннен кейін, контакт ақпаратыңызды немесе электрондық пошта хабарландыруының параметрлерін жаңартуыңызға болады.
Devices тізімінде жоғалған құрылғыны түртіңіз.
Mark As Lost астында Pending немесе Activated түймесін түртіңіз.
Келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Контакт ақпаратын өзгерту: Барлық өзгертулерді жасаңыз.
Электрондық пошта жаңартуларын алу: Қосылмаған болса, Receive Email Updates параметрін қосыңыз.
Done түймесін түртіңіз.
iPhone, iPad, iPod touch немесе Apple Watch құрылғысы үшін Lost Mode параметрін өшіру
Жоғалған құрылғыңызды тапқан кезіңізде Lost Mode параметрін өшіру үшін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Құрылғыда құпия кодыңызды енгізіңіз.
Find My қолданбасында құрылғыны түртіңіз, Mark as Lost астында Pending немесе Activated түймесін түртіңіз, Turn Off Mark As Lost түймесін, одан кейін Turn Off түймесін түртіңіз.
Mac компьютерінің құлпын ашу
Жоғалған Mac компьютеріңізді тапқан кезіңізде оның құлпын ашу үшін сандық құпия кодты енгізіңіз (Mac компьютеріңізді жоғалған ретінде белгілеген кезіңізде орнатқан кодыңыз).
Құпия кодыңызды ұмытсаңыз, оны iCloud.com торабындағы Find My iPhone қызметін пайдаланып қалпына келтіруіңізге болады. Қосымша ақпаратты iCloud қызметінің пайдаланушы нұсқаулығындағы iCloud.com торабындағы Find My iPhone қолданбасында Lost Mode режимін пайдалану бөлімін қараңыз.
iPhone құрылғыңызды жоғалтсаңыз, Lost Mode параметрін iCloud.com торабындағы Find My iPhone қызметін пайдаланып қосуыңызға болады.